"Маған тиісе бермесін": Төреғали полицейлерді мерекемен құттықтап, министрге әзілдеді

1749

Әнші Төреғали Төреәлі Қазақстан полициясы күніне арнайы ән жаздырып, бейнебаян түсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Маған тиісе бермесін": Төреғали полицейлерді мерекемен құттықтап, министрге әзілдеді Фото: Бейнежазбадан

Ол мерекелік жиындардың біріне полицейлерді құттықтап барған. Жиынға Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қатысқан.

"Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" – деп әзілдеді Төреш.

Сахнада жаңа әннің де тұсауы кесілсе керек.

"Құттықтауға Төрештей ұл келгені,

Бір екі ауыз қалжыңдап үлгергені.

Өзінің мейрамында қызық болды-ау

Полиция арудың гүл бергені!" – деп жазды ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу