"Маған тұрмысқа шығасыз ба?": Нұрболхан Шарапов Ләйла Сұлтанқызынан кешірім сұрады

14613

Әзілкеш дүйім жұртты күлкіге қарық қылды.

"Маған тұрмысқа шығасыз ба?": Нұрболхан Шарапов Ләйла Сұлтанқызынан кешірім сұрады Фото: видео скриншот

Жайдарманның концертінде әзілкеш, жайдарманшы, Нұрболхан Шарапов тележурналист Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әзілкеш 4 жылға созылған журналист екеуінің арасындағы жанжалға нүкте қойды. 

“Ләйлә Сұлтанқызы! Кешірші мені. Түсінем, 4 жыл бұрын менің балалығым да, шалалығым да болды. Сенің де қателігің болған шығар?! Сол жерде бәрі быт-шыт болып кетті. Дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын”, – деп журналисті сахнаға шақырды. 

Нұрболхан Шарапов қолындағы гүлін ұсынып тұрып: “Маған тұрмысқа шығасыз ба?!” деп жұртты ду күлдірді. 

Айтак кетейік, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мен жайдарманшы Нұрболхан Шарапов арасындағы жанжал 4 жылға созылған болатын.

Ләйла Сұлтанқызы жүргізетін отандық бағдарламада көтерілген тақырыптардың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған болатын. Алайда Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу