Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен жеке өзім туралы айта аламын. Мысалы маған ыңғайлы. Мен таңертең жетіден бастап кешкі сегіз-тоғызға дейін жұмыстамын. Сондықтан менде ешқандай өзгеріс жоқ. Біз ай сайын аудан тұрғындарымен кездесіп тұрамыз. Онда көптеген мәселелер көтеріледі, журналистер қатысады. Ол кездесулер тікелей эфирде де көрсетіледі. Өзіңіз қарасаңыз, бұл мәселе бірде-бір рет тұрғындармен көтерілген жоқ. Соңғы жарты жылдың ішінде осындай 5-6 кездесулер болған. Халықты мазалайтын қаладағы үлкен мәселелер аз емес. Мына мәселе соңғы үш-төрт кездесуде бір-екі рет көтерілген шығар", – деді Жеңіс Қасымбек тілшілердің сауалына берген жауабында.