"Маған жаза берме, Қуандық көріп қояды": Марқұм Нүкенованың сіңлісі әпкесі тұрмысқа шыққан соң көп араласпағанын айтты

1253

Айнұр Нүкенованың айтуынша, ол Салтанатпен тұрмысқа шықпас бұрын жиі кездесіп тұрған. 

"Маған жаза берме, Қуандық көріп қояды": Марқұм Нүкенованың сіңлісі әпкесі тұрмысқа шыққан соң көп араласпағанын айтты Фото: видео скриншот

Экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша соттың кезекті тыңдалымында Салтанат Нүкенованың сіңлісі Айнұр Нүкенова жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Салтанаттың тұрмысқа шыққаннан кейін мүлде өзгергенін айтып, тіпті “Қуандық көріп қалады неге жаздың” деп байланысқа шығуды тоқтатқанын алға тартты.

“Біз бірге шетелге шығатынбыз, таңғы асты, түскі, кешкі асты бірге ішетінбіз. Ал тұрмысқа шыққан соң ол мүлде жоғалып кетті. Менен қарызға ақша сұрайтын болды. Тойдан кейін бұрынғыдай араласпайтын болды. Оған хабарлама жазсам, маған: “Айнуша сен маған жаза берме, мен өзім байланысқа шығамын. Әйтпесе құдай сақтасын Қуандық көріп қалса”, деді. Мен сол кезде “қалай сонда”, деп қатты таңғалдым. Сонда мен өзімнің әпкеме жаза алмаймын ба деген ой келді”, – деді ол.

Салтанаттың сіңлісі осы жағдайдан соң алаңдап құрбысы Аидаға хабарласқан. Оған Салтанаттың инстаграмда жоғалғанын, және жазбасын айтқан. Алайда Аида Салтанатта бәрі жақсы деп жұбатқан екен.

“Кейін туысқандар мен қонаққа барғанымызда мен бәрінің көзінше әпкемнің менімен бұрынғыдай араласа алмай жүргені ұнамайтынын айттым. Сол кезде Қуандық “оның енді отбасы бар, сен де тұрмысқа шыққанда отбасың болды ғой”, деп күліп жауап берді. Алайда мен ренішімді бәрінің көзінше дауыстап айттым”, – деп қосты Айнұр Нүкенова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу