МАГАТЭ басшысы аптаның соңына дейін Мәскеуге баруды жоспарлап отыр

529

МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гросси алдағы күндері Запорожье атом электр станциясы бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Ресей Федерациясына бару жоспарларын мәлімдеді. 

МАГАТЭ басшысы аптаның соңына дейін Мәскеуге баруды жоспарлап отыр Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы inbusiness.kz Италия Мемлекеттік арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Гросси өз жоспарымен Италия СІМ басшысы Антонио Таянимен кездесу барысында бөліскен. Хабарламаларда Таяни Гроссидің атом электр станциясындағы қауіпсіздікке қатысты бастамаларын қолдағаны атап өтілген.

МАГАТЭ басшысы наурыз айының соңында аталмыш атом электр станциясына барғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу