МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси Украинадағы барлық тарапты ядролық материалдардың қауіпсіздігін сақтауды, барлық ядролық нысанды пайдалануға қауіп төндіретін кез-келген әрекеттен аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Украинадағы ядролық объектілер мен материалдардың қауіпсіздігіне қандай жағдай болса да қауіп төндірмеу керек", – деп жазылған Рафаэль Гроссидің мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, бүгінде Украинадағы атом кәсіпорындары "қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, әрі ядролық материалдар бақылауда".
"Қауіпсіздікті сақтау өте маңызды, ал кәсіпорын қызметкерлері өз жұмыстарын артық қысымсыз немесе күйзеліссіз атқара алады", – деді МАГАТЭ бас директоры.