МАГАТЭ дрон шабуылынан кейін Запорожьедегі АЭС корпусының зақымданғанын растады

92

Нысанға қосымша тексеру жүргізу үшін МАГАТЭ мамандары рұқсат сұрап отыр.  

МАГАТЭ дрон шабуылынан кейін Запорожьедегі АЭС корпусының зақымданғанын растады Фото: news.ua

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылары Запорожье атом электр станциясының (ЗАЭС) аумағында тексеру жүргізіп, станцияның 6-энергоблогына жақын орналасқан турбиналық корпус сыртынан зақымдарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

МАГАТЭ мәліметінше, бақылау тобы ғимараттың жоғарғы қабатындағы металл люктің зақымданғанын, сондай-ақ жерде жатқан сынықтар мен күйген талшықты-оптикалық кабель қалдықтарын тапқан. Агенттік бұл белгілердің дрон соққысынан болғанын растады. 

Қосымша тексеру жүргізу үшін МАГАТЭ мамандары 6-энергоблок жанындағы ғимараттың ішіне кіруге рұқсат сұрады. Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта радиациялық фон қалыпты деңгейде қалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу