МАГАТЭ растады: Украина АЭС энергоблогы апатты жағдайда істен шықты

257

Қысқа тұйықталу нәтижесінде керамикалық оқшаулағыш зақымдалды. 

МАГАТЭ растады: Украина АЭС энергоблогы апатты жағдайда істен шықты Фото: РИА Новости

МАГАТЭ Оңтүстік Украина атом электр станциясының екінші энергоблогы жұмысы жанып кеткен трансформаторлардың салдарынан тоқтағанын растады. Бұл туралы украиналық сарапшылар мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Өткен аптада Оңтүстік Украина атом электр станциясындағы МАГАТЭ командасы N2 энергоблогы атом электр станциясының алаңынан тыс жерде орналасқан 330 кВ ашық тарату құрылғысындағы трансформатор мәселесіне байланысты қорғаныс жүйесі іске қосылғаннан кейін уақытша тоқтатылғанын хабарлады", - делінген агенттіктің Украинадағы жағдай туралы есебінде.

МАГАТЭ-де түсіндірілгендей, қысқа тұйықталу нәтижесінде керамикалық оқшаулағыштың зақымданып, одан май ағып, электр доғасының әсерінен өртеніп кеткен. 

"Электр байланысы қалпына келтірілгеннен кейін реактор қайта іске қосылып, электр қуатын желіге шамамен 17 сағаттан кейін жеткізе бастады, ол тоқтағаннан кейін 24 сағаттан сәл астам уақыт ішінде толық қуатқа жетті", — деп хабарлады агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу