АҚШ-тың Иранға шабуылынан кейін МАГАТЭ шұғыл басқосу өткізгелі жатыр

140

АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасағаннан кейін МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гросси Директорлар кеңесінің отырысын дүйсенбіде өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ-тың Иранға шабуылынан кейін МАГАТЭ шұғыл басқосу өткізгелі жатыр Фото: radiomoldova.md

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) америкалық әуе шабуылынан кейін Иранның негізгі ядролық нысандарының маңайында радиациялық деңгейдің жоғарылауын тіркемегенін растады.

"Ирандағы 3 ядролық нысанға жасалған шабуылдан кейін агенттік қазіргі уақытта бұл нысандардың сыртында радиациялық фонның артқанын байқамады", – делінген МАГАТЭ-нің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Бұл мәлімдеме АҚШ Президенті Дональд Трамптың Фордо, Исфахан және Натанздағы ядролық нысандардың "толығымен жойылғаны" туралы айтқан сөзінен бірнеше сағат өткен соң жарияланды.

Кейінгі күндері Тегеран мен Тель-Авив арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Иран тарапы МАГАТЭ мен оның Бас директоры Рафаэль Гроссиді сынға алып, агенттікті "қайшылыққа толы мәлімдемелер жасап, Израильдің әскери науқанының басталуына себепкер болды" деп айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу