Магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге үстемақы алады

2490

Мұғалімдерге дәптер тексергені және сынып жетекшілігі үшін төленетін ақы 2 есе өседі. 

Магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге үстемақы алады

Білім беру ұйымдарын оқытудың дәстүрлі форматына қайтарудың тиісті тәртібі денсаулық сақтау министрлігімен бірге әзірленеді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында осылай еді. 

Министр білім беру бойынша онлайн платформаларға бірыңғай талап әзірленетінін айтты. 

"Орта білім саласына тоқталсақ, қашықтан оқыту аясында отандық нарыққа бірнеше білім беру платформасы шықты. Бірақ платформалардың функционалы мен мүмкіндігі әртүрлі. Министрлік оқыту үдерісін  толыққанды іске асыру үшін қажетті функционалды алуға мүмкіндік беретін білім берудің онлайн платформаларына қойылатын бірыңғай талап әзірлеп, оны біріздендіріп, іске асырады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Бұдан кейін министр Президенттің мұғалімдердің жалақысын 25% арттыру туралы тапсырмасына тоқталды. 

"Президенттің мұғалімдердің жалақысын 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25% арттыру тапсырмасы бойынша тиісті қаражат бюджет жобасында толығымен қарастырылды. Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қыркүйек айынан бастап дәптер тексеру үшін үстемақы 2 есе, сынып жетекшілігі үшін алатын үстемақы 2 есе артады. Ал магистр дәрежесі бар мұғалімдер 27 мың теңге көлемінде үстемақы алады", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу