Магистратураға қысқы конкурстың қорытындысы шығарылып, 2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар республикалық комиссияның соңғы отырысының қорытындысы бойынша берілді, оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер мен Қазақстан студенттері альянсының өкілдері кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
26 желтоқсанда Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті, онда конкурстың барлық қатысушыларының жинаған балдарына сәйкес тестілеу нәтижелері қаралды.
Кешенді тестілеу 28-1 желтоқсан аралығында компьютерлік форматта өтті. Магистратурада білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 6-12 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына барлығы 2029 үміткер қатысты.
Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу сертификаттарының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша 1774 адам мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды, оның ішінде 100-і бейінді магистратура бойынша грант алды.
Қабылдау 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады, ал оқу ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.
Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің толық тізімімен ҚР ҒЖБМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.