Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды

437

Грантқа 23 мыңға жуық адам үміткер болды.  

Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды Фото: mirmol.ru

2026–2027 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Гранттар кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған талапкерлер конкурсқа қатысты.

Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу