Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі.
"Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді. Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады", – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты және бар болған жағдайда шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар;
- Ал, 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсыруға болады.
Магистратура гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.