Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің бірінші аптасы аяқталды

575

Елде 20 мыңға жуық адам талпыныс жасады. Оның жартысына жуығы шекті балл жинады.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің бірінші аптасы аяқталды

Орташа көрсеткіш – 74 балл. Былтырғы көрсеткіштен алты балл жоғары болды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Тестілеудің бірінші аптасында 89 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. КТ кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 61 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды

Ұлттық бірыңға тестілеуге кіргізу секілді, КТ-ға кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған іс-шаралар арқасында тестілеуге кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталды. Яғни, қатысушылар өздерінің орнына басқа адамды жіберіп, тестілеуден өтпек болған. Тиісті шаралар қабылданды.

Айта кетейік, кешенді тестілеу әлі жүргізіліп жатыр. Мерзімі 20 шілде – 10 тамыз аралығы. Жалпы саны 46 мың адам тестілеуге қатысады деп жоспарланған. 

Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген. Шекті балдар өзгеріссіз қалды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік бағыт бойынша 50 балл жинау қажет.

Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляцияға беру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде оқуға түсуші бірден апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады. Тестілеу сертификаты оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу