Магистратураға емтихан тапсырған 149 адамның нәтижесі жойылды

319

Тест тапсырғандардың 43 пайызы ғана шекті балл жинады.

Магистратураға емтихан тапсырған 149 адамның нәтижесі жойылды Фото: metbuat.az

Ғылым және жоғары білім министрлігі аралық мәліметтерді жария етті.

Магистратураға кешенді тестілеу басталғалы 23 мыңға жуық адам емтихан тапсырса, олардың 43 пайызы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Ең жоғары балл – 130.

Тестілеу басталғалы 149 қатысушының нәтижесі жойылған. Оның ішінде 92 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылған.

"Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған шаралар арқасында тестілеуде бөгде тұлғалар анықталған жоқ", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу