Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Еске салар болсақ, 2023 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді. Осының нәтижесінде республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен.
Ең көп таңдалған білім беру салалары: педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, бизнес, басқару және құқық.
Кешенді тестілеудің өтетін күні, уақыты, орны 18 шілде күні жарияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу