Магистратураға түскен грант иегерлерінің тізімі жарияланды

1340

2021-2022 оқу жылына арналған магистратураға білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Магистратураға түскен грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Тізім Білім және ғылым министрлігініңҚР БҒМ Telegram-каналында жарияланды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 75-тен астам балл жинаған оқуға түсушілер өтініш берді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінді.

"Шет тілі мұғалімдерін даярлау", "Ақпараттық технологиялар", "Математика мұғалімдерін даярлау" және "Құқық" бағыттары сұранысқа ие болды.

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы ЖОО-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР БҒМ Telegram-арнасы арқылы танысуға болады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу