Магистратураға түсу үшін құжат қабылдау басталады

635

1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Магистратураға түсу үшін құжат қабылдау басталады

Енді магистратураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпеген үміткерлер де қатыса алады.

Екінші кешенді тестілеуге қатысуға тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Құжаттарды қабылдау 1-15 қараша аралығында өтеді. Кешенді тестілеудің өзі 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Магистратураға грантқа үміткерлер шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырады. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар шет тілі бойынша тесттен автоматты түрде босатылады. Тест нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, оның қатысушылары түсу емтихандары аяқталғаннан кейін 30 минуттан соң онлайн-апелляцияға өтініш бере алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін өту балы 75 балды, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балды құрайтынын атап өткен жөн.

Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Магистратураға қабылдау 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

Магистратураға түсушілер үш мыңнан астам мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Мамандықтар бөлінісінде гранттардың басым бөлігі "Химия" (172 грант), "Ветеринария" (169), "Механика және металл өңдеу" (156), "Металлургиялық инженерия" (137), "Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру" (132), "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" (130) және басқа мамандықтарға бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу