Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды

514

Кешенді тестілеу 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге тіркелу басталды Фото: nur.kz

1 қарашада магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 2022 жылғы 18 қарашаға дейін жүргізіледі.

Тіркелу кезінде талапкері тестілеуді тапсыру қаласын өзі таңдайды. 

Үміткерлер өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін (18 қарашаға дейін) білім беру бағдарламаларының тобы, тілі және тестілеуді тапсыру орны бойынша өтінішке өзгерістер енгізе алады. 

Тестілеу күні туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде 22 қарашада жарияланады.

"Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады. Шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады", – деді ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу