Магнитогор комбинатының өнімі Каспийге тасымалданды

858

Магнитогор комбинатының өнімі Каспийге тасымалданды

Магнитогор металлургия комбинатының қара металл прокат топтамасы Ақтаулық солтүстік теңіз терминалынан сәтті жөнелтілді.

Бұл жөнелту ҚР Президенті Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XIII форумы кезінде берілген тапсырмасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

 Ақтау солтүстік теңіз терминалының күшімен қара металл прокатының алғашқы легін "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ" еншілес компаниясы "KTZ Express" АҚ жеткізіп отыр.

"Теміржол, теңіз көлігі  мен қойма логистикасын қамтитын, мультимодальдық тасымалдауды дамытудың бұл жаңа жобасы Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қоса ресейлік жүк ағынның көлемі арттырады, соның ішінде қара металл прокатын Иран нарығына шығаруға жол ашады", – деп айтып кетті "KTZ Express" АҚ логистика бойынша вице-президенті Ерлан Махаш.

Бұл бағыттың басты тартымдылығы оның жеткізу мерзімі, АСТТ жоғары дамыған инфрақұрылымы мен аймақтағы ауа райының қолайлығында.

 Қазіргі таңда металл – порттың басты жүктерінің бірі. АСТТ металдың жөнелту ағының күшейту аясында барлық тиісті шаралар қолданып жатыр: жүкті өңдеу түрлерін, есептеу мен таңбалауды жетілдіру, қызметкерлерді оқыту.

 Айта кететін жайт, Солтүстік терминал Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасып (Ақтау халықаралық теңіз портынан 10 км),  өз алдына көпмақсатты кешен. Ол жалпы есеппен 3 млн тонна жүк аударуды қамтамасыз етеді. Оның 650 мыңы негізгі жүк. АСТТ Орталық және Орта Азия, Қытай, Кавказ бен Парсы шығанағын қосатын "Шығыс қақпасы"халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу