Магнитогорскіде көпқабатты тұрғын үйде болған газ баллоны жарылысынан көз жұмғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Анықталғаны – апат болған үйде 46 адам тұрған екен. Жойқын жарылыстан ондағы 26 пәтердің күл-талқаны шыққан. Құтқарушылар өрт құрсауында қалып қойған 5 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді, оның біреуі – бала. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Апат орнына 500 құтқарушы мен 100-ден аса арнайы техника тартылған. Қазір олар үйіндіні аршып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу