Магнитогорск қаласында бір бөлігі опырылып түскен көп қабатты үй қирандылары астынан адамдарды іздестіру операциясы аяқталды. Бұл туралы Ресей ТЖМ орынбасары Александр Чуприян мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
"Жарты сағат бұрын соңғы мәйітті тауып, алып шықтық. Және қирандылар астында ешбір мәйіт қалмағанына кепілдік береміз. Сол себепті іздестіру-құтқару операциясы осымен аяқталды", – деді Чуприян.
Еске сала кетсек, осыған дейін қирандылар астынан 39 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған едік.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу