Күрес түрлерінен Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.
72 келіде белдескен Ибрагим Магомадов ақтық сынға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, алтын үшін өткен белдесуде Ибрагим ирандық қарсыласы Амин Явар Кавянинежадтан ұтылды.
Айта кетелік, бұл Азия чемпионатындағы Қазақстан командасының бесінші жүлдесі. Бұған дейін Тамерлан Шадукаев (77 келі) чемпион атанса, Хорлан Жақанша (55 келі), Азамат Күстібаев (87 келі) және Мансұр Шадукаевтар (130 келі) қола медальға қол жеткізген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу