Магомед Адиев жантебірентерлік қоштасу хатын жариялады

414

Бапкер баршаға алғысын жаудырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Магомед Адиев жантебірентерлік қоштасу хатын жариялады Фото: ҚФФ

"Құрметті достар, құрметті қазақстандықтар! Қазақстан мен үшін жәй жұмыс орны ғана емес, Қазақстан мен үшін екінші үйіме айналды. Елдің бас командасының жаттықтырушысы болу – әр бапкердің арманы! Орнымнан кету туралы шешім маған оңай болған жоқ. Қазақстанға алғысым шексіз!", – деп жазды бапкер.

Ол, сондай-ақ, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтқан. Мемлекет басшысының футболға жеке көңіл бөлгені және оны дамытуға қолдау көрсеткенін атап өтіп, ойыншыларды ынталандырып, жанкүйерлерді шабыттандыратынын айтқан.

Сонымен бірге, Қазақстан Футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұловқа да ерекше алғыс білдірген.

"Маған және менің кәсібилігіме деген сеніміңіз мені шабыттандырады. Сіз маған тәлімгер болдыңыз және болып қала бересіз!", – деп жазды Адиев.

Ұлттық құрама жігіттеріне, жаттықтырушылар штабына және федерацияның әкімшілік блогына да бірлескен жемісті жұмыс үшін шексіз алғысын жаудырған.

Әлбетте, жанкүйерлерге де ерекше алғыс айтқан.

"Сіздер бізді әрқашан қолдап, стадиондарда патриоттық атмосфераны қалыптастырып, қазақстандықтардың бірлігін көрсете отырып, сырт алаңдағы матчтарда да бірге жүрдіңіздер. Бұл құнды да ұмытылмас эмоциялар. Осындай ғажап жолды жүріп өткенім үшін, сеніміңіз бен қолдауыңыз үшін баршаңызға рахмет. Қазақстан жүрегімде мәңгі қалады", – деді бапкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу