Мағжан Әуезов "ForteBank" басшысы болып тағайындалды

1231

Мағжан Әуезов "ForteBank" басшысы болып тағайындалды

Қазкоммерцбанк басқармасының бұрынғы басшысы Мағжан Әуезов "ForteBank" АҚ-ны басқарды, деп хабарлады қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.  

"ForteBank" директорлар кеңесі бүгін банк басқармасы құрамындағы өзгерістер туралы шешімді қабылдады. 2015 жылғы 28 желтоқсаннан бастап банк басқармасының төрағасы лауазымын атқарған Талғат Қуанышевтің өкілеттігі 2016 жылғы 20 желтоқсаннан бастап тоқтатылды. Басқарманың жаңа төрағасы болып таяуда директорлар кеңесінің құрамына кірген Мағжан Әуезов тағайындалды.

Сондай-ақ банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасарлығына Гурама Андроникашвилиді тағайындау туралы шешім қабылданды. Ал басқарма төрағасының орынбасары болған Шолпан Нұрымбетова басқарма құрамынан шықты.

2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Ш. Нұрымбетова басқарма төрайымы ретінде АО "Банк Kassa Nova" АҚ-ға жетекшілік етеді. Сонымен қатар, Мағжан Әуезов Kassa Nova банкі директорлар кеңесін  басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу