Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Астанадағы Grand Slam сериясының турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Франциядан келген Седрик Ривалмен кездесті. Қосымша уақытта (golden score) спортшы бір ұпаймен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бүгін финалда Ғұман Қырғызбаев (66 келіге дейін) өнер көрсетеді.
Ал, Ғалия Мыңбаева (48 келіге дейін) үшінші орын үшін күресте жеңіліп қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу