Мағжан Жұмабаевтың аштық кезінде жазылған құпия қолжазбасы көрмеге қойылады

5371

Мағжан Жұмабаевтың аштық кезінде жазылған құпия қолжазбасы көрмеге қойылады

Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күні шеңберінде "Қазақстанның жаңа тарихи белесі" көрмесі өтеді. Мұнда облыстық архив сирек әрі бірегей материалдарды ұсынады, деп хабарлайды baribar.kz.

 Елорданың Ұлттық музейінде алғашқы өңір болып Солтүстік Қазақстан облысы көрме ұйымдастырады.

"Көрмеде мешіттер мен шіркеудің метрикалық кітаптары, Қазақ хандығының тарихы мен 18 ғасырдағы шетел архивтерінің құжаттары мен құжат көшірмелері, "Алаш" партиясы мен "Алаш Орда" қызметіне қатысты бірегей құжаттар ұсынылады", – деді архивтің директоры Сәуле Маликова.

Көрмеде алғаш таныстырылатын құнды материалдардың бірі – ақын Мағжан Жұмабаевтың осы уақытқа дейін құпия сақталып келген қолжазбасы.

"Бізде Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы бар. Бұл құжат бұрын құпия сақталып келген. Алайда, одан "аса құпия" таңбасы алынып тасталды. Құжат 1922 жылдың 20 тамызы күні облыста аштық болған кезде жазылған", – деп түсіндірді Сәуле Маликова.

Сондай-ақ көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының картасы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірге жасаған сапарларының фотоқұжаттары қойылады.

Айта кетейік, "Қазақстанның жаңа тарихи белесі" көрмесі 24-26 тамыз аралығында Қазақстан республикасы ұлттық архивінің көрме залында сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу