Мағзұм Мырзағалиев Атыраудың ауасын қалай тазартатынын айтты

1385

"Тухлая балка" тарихқа айналады.

Мағзұм Мырзағалиев Атыраудың ауасын қалай тазартатынын айтты Фото: informburo.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атыраудың ауасын қалай тазартатындарын айтып берді.

"Бұл жерде екі факт бар. Біріншісі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны.  Екіншісі "Тухлая балка" аталып кеткен көлшіктің булануы. Бұл проблеманың шешімі – жаңа полигон салу. Әкімдік ол үшін 50 гектар жер бөліп қойған. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Әкімдік жуық арада барлық санитарлық талапқа сай полигонның құрылысына кіріседі деп үміттенеміз. "Тухлая балка" дейтін көлшіктің басында өзім болғам. Қаланың барлық шайындылары осы көлішкке келіп төгіледі. Төгілген шайындылар не тазартылмастан жіберіледі немесе қажетті деңгейде тазартылмайды. Осыған байланысты әкімдікпен бірге жұмыс істеп, Атырау қаласының сол жағалау бөлігінде жаңа кәріз тазарту кешенін салу үшін жер телімін белгіледік. Нысан 2020 жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі. Атыраудағы кәріз тазарту мәселесі осылай шешіледі. Оған қоса келесі жылдан бастап біз жергілікті әкімдік пен Атырау мұнай өңдеу зауыты "Тухлая балка" көлшігін көміп, буланбайтындай етеді деп отырмыз", – деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу