Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

978

Маусым Мырзағалиев 2019 жылғы маусымнан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқарды.

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын",– деп жазылған құжатта.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматы қаласында туған. 

О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған. 1999 жылы "Тұран" университетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық Академиясын "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы "Жартас" ЖШС-де менеджер ретінде бастаған. 2000-2001 жылдары Ақмола облысының орман және биоресурстар басқармасында жұмыс істеді.

2001 жылы Қазақстандағы Теңіз кен орнында midrillingfluidsinternational (Schlumberger) бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер лауазымына қабылданды. 2002 жылы Schlumberger  компаниясының қазақстандық филиалынан мансаптық өсу бағдарламасына іріктеліп, АҚШ-та, Малайзияда, Батыс Сібір кен орындарында тағылымдамадан өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін бизнесті дамыту жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді, содан кейін Қазақстандағы MIDrillingFluidsInternational филиалының басшысы болып тағайындалды.

2007-2010 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ  "ТеңізСервис" ЖШС  бас директоры болып жұмыс жасады.

2010-2012 жылдары — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылы мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі лауазымына шақырылды. 2014 жылғы 13 тамыздан бастап 2019 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.

2014ж. – "Ерен еңбегі үшін" медалі ("За трудовое отличие" (Қазақстан)
2015ж. – 2-дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалі (Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Кеңесі)
2016ж. – "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалі
2019ж. – 1-дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалі (Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары Кеңесі)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу