Мағзұм Мырзағалиев Президентке Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы айтты

1166

Мемлекет басшысы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.

Мағзұм Мырзағалиев Президентке Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы айтты

Қазақстан Президентіне министрліктің қазіргі жұмыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекстің әзірлену барысы туралы мәлімет берілді. Министр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнемдеу, ормандарды және жануарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді шешу, соның ішінде сынақ алаңдарын экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және қайта өңдеу саласының инвестициялық тартымдылығын күшейту қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуға тиіс екеніне тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тартуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу