Мағзұм Мырзағалиев: Жанар-жағармайды бақылау қолға алынады

1007

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сенаторларың дизель отынының тапшылығына не себеп болды деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мағзұм Мырзағалиев: Жанар-жағармайды бақылау қолға алынады

"Жалпы жанар-жағармай бағасы реттелмейді және жанар-жағармай бағасын талқылау кезінде 2 мәселені есте ұстау керек. Бірінші, әлемдік бренд бағасына тәуелділік. Екінші, көршілес елдерде қалыптасқан бағадан қатты айырмашылық болмауға тиіс", – деді министр. 

Мағзұм Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, дизель отынының тапшылығына көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығының тым жоғарылығы себеп болды. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүйелі өзгеріс әзірлеп жатырмыз", – деді министр. 

Оның сөзінше, қабылданатын шара шеңберінде еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауытының жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының мерзімі нақтыланады. Елде мемлекеттік материалдық қор қалыптастырылады және жанар-жағармайды бақылау қолға алынады. Бұған қоса әр мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтың болуы қадағаланады. 

"Жыл соңына дейін нақты ұсыныс енгіземіз", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу