Мағзұм Мырзағалиев: Жергілікті тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігі шектеліп отыр

771

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отандық және шетелдік өндірушілер арасындағы салық теңгерімсіздігі жергілікті тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігіне нұқсан келтіріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мағзұм Мырзағалиев: Жергілікті тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігі шектеліп отыр

Министр қалыптасқан жағдай жергілікті тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін шектейтінін жариялады. 

"Отандық тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу үлесінің төмендігі – шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан дискриминациялық жағдайға байланысты болып отыр. Ірі операторларға берілген кедендік преференциялар шетелдік тауарды қосылған құн салығын нақты төлемей сатып алу құқығын береді. Ал отандық өндірушілер тауарды сатып алу кезінде 12% мөлшерінде салық төлейді. Бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру жолдарының бірі – Салық кодексіне өзгеріс енгізу. Бұл өзгеріс ірі жобалар үшін тауар жеткізу кезінде отандық өндірушілердің ішкі айналымын қосылған құн салығынан босатуды қамтиды", – деді Мағзұм Мырзағалиев. 

Оның сөзінше, жоғарыдағы шара ғана шетелдік және отандық компанияларға тең мүмкіндік береді. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу