"Махаббат жасқа қарамайды": жапон жігіті сыныптасының 83 жастағы әжесіне сөз салды

205

Олардың махаббат оқиғасы әлеуметтік желілерде лезде тарады. 

"Махаббат жасқа қарамайды": жапон жігіті сыныптасының 83 жастағы әжесіне сөз салды Фото: SNPC

Жапонияда ерекше махаббат хикаясы көпшілікті таңғалдырды. 23 жастағы жігіт сыныптасының 83 жастағы әжесіне ғашық болып, оған үйленгісі келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті басылым мәліметінше, екеуі алғаш рет өткен жылдың 14 ақпанында – Валентин күнінде танысқан. Алты ай өткен соң олар қарым-қатынастарын ашық жариялап, бірге тұра бастады.

Қызығы, отбасы мүшелері бұл шешімді толықтай қолдаған. Әжейдің өзі бұрын бағбан болып жұмыс істеген, үлкен ботаникалық баққа иелік етеді. Ол екі рет тұрмыс құрған, бір ұлы мен қызы, сондай-ақ бес немересі бар.

Олардың әңгімесі мен махаббат оқиғасы әлеуметтік желілерде лезде тарады. Біреулер бұл жұпты қолдап, "махаббат жасқа қарамайды" десе, енді біреулер жігіттің әрекетін сынға алып, мұндай қарым-қатынасты қабылдай алмайтынын жазуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу