14 тамыздан 15-не қараған түні Дагестан астанасы Махачкалада жанармай құю станциясында жарылыс болып, соңы үлкен өртке ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Өрт аумағы 600 шаршы метрге тараған.
Дагестан басшысы Сергей Меликов тілшілерге мәлім еткендей, жарылыс жағар май құю станциясына қарсы бетте болған. Себебі мен салдары анықталып жатыр.
Отын құйылған сегіз цистернаның екеуі жарылған.
Ресми дерек бойынша, оқиға салдарынан 12 адам қаза болды, оның ішінде 2 бала бар. Тағы 66 адам зардап шекті, оның 13-і – балалар, 10 адамның жағдайы ауыр.
Махачкаланың медицина мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылды. Ф Денсаулық министрлігі Махачкала ауруханаларында төсек орын жеткілікті екенін айтты.
Дагенстанның көптеген тұрғыны зардап шеккендер үшін қан тапсыруға республикалық қан құю станциясына барды.
Айта кетейік, жалын толығымен ауыздықталған.