Махачкалада жарық қайта қосылды

476

Махачкаладағы жанармай құю станциясындағы жарылыс нәтижесінде үзілген электр жүйесі қалпына келтірілді. 

Махачкалада жарық қайта қосылды Фото: АиФ Дагестан

Бұл туралы Дағыстан Республикасының Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Жанармай құю станциясындағы төтенше жағдай нәтижесінде электр қуатынсыз қалған тұтынушылар қайта жарық көзіне қосылды. Апаттық жағдаймен күресуге 15 адам мен жеті техникадан тұратын үш энергетиктер бригадасы жұмылдырылды", — делінген ведомствоның Telegram-каналында.

14 тамыздан 15-не қараған түні Дагестан астанасы Махачкалада жанармай құю станциясында жарылыс болып, соңы үлкен өртке ұласты. Өрт аумағы 600 шаршы метрге тараған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу