Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

1128

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданының жаңа әкімін жергілікті автивке таныстырды,  деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.    

 Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Махамбет аудандық мәслихаты депутаттары келісіміне сәйкес, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің  Өкімімен Махамбет ауданының әкімі болып Ринат Бауыржанұлы Джанглишов тағайындалды. Жаңа әкімнің алдына нақты міндеттер жүктеген  аймақ басшысы қызметіне сәттілік тіледі.

          Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 18 қаңтарда облыс әкімінің өкімімен  Жәрдемғали Ахметов 3 жылға жуық басқарған Махамбет ауданы әкімі лауазымынан босатылған болатын. 

          Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов 40 жылдай мемлекеттік қызметте адал әрі абыройлы еңбек етіп, өңірдің дамуына зор үлес қосқан бұрынғы әкімді құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, арнайы алғысын білдірді. 

          Джанглишов Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы 2 желтоқсанда Атырау қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетінде "заңгер", "экономист" және "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша білім алған.

          Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қалалық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде тергеуші болып бастаған.

2006-2018 жылдары бірнеше  жеке кәсіпорында басшылық еткен.

2018-2019 жылдары Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы.                 

2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

Ал 2020 жылдың қараша айынан бүгінгі дейін Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып еңбек етіп келген болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу