Махамбет Досмұхамбетов "Теңізшевройлдың" жаңа директорын қабылдады

1205

Аймақ басшысы кәсіпорынның жаңа бас директоры Кевин Лайонды қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

Махамбет Досмұхамбетов "Теңізшевройлдың" жаңа директорын қабылдады

"Атырау  облысының  әкімі Махамбет Досмұхамбетов "Теңізшевройл" ЖШС-нің жаңа басшысы Кевин Лайонды қабылдады" , - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

"Мұнай-газ өндірісі саласында мол тәжірибеңіз бар екенін білеміз. Өзіндік тарихы бар еліміздегі маңызды кәсіпорынның одан ары дамуына үлесіңізді қосатыныңызға  сенемін", - деді облыс әкімі.

"Теңізшевройл" компаниясымен бірлесе атқарылған жобаларға тоқталған Махамбет Досмұхамбетов "Болашақ кеңею жобасының" пандемияға қарамастан уақытында аяқталады деген сенімін білдірді.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов "Теңізшевройл" ЖШС-нің  бұрынғы бас директоры Имер Боннерге бірлескен жемісті жұмысы пен тығыз әріптестік үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. 

Өз кезегінде "ТШО"-ның экс-директоры Имер Боннер облыс басшылығына алғысын білдіре отырып, кәсіпорын мен облыс басшылығы ынтымақтастығының ары қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу