Махамбет пен Индердің арасын жалғайтын жол уақытша жабылды

272

Орал республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу әлі де жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Махамбет пен Индердің арасын жалғайтын жол уақытша жабылды Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

"Бұл шешім өр суының көп келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елдімекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданып отыр", - деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілді. Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды. 

"Жағдай тұрақты, ауылдық елді-мекендерге қауіп жоқ. Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер — Атырау трассасы арқылы қатынай алады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу