"Финалда не жетпей қалғанын білмеймін. Үшінші раундта көп ұрған сияқты едім. Қуып жүріп ұрдым. Маған бермеді... Мақсатым – жеңіске жету еді. Жеңімпаз болмағаным үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын.
Алда әлі талай әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол сындарда алтын аламын.
Осы әлемдік сынға Бақтияр Артаев ағамыз иеленген Вэлл Баркер кубогін аламын деп келіп едім. Орындалмай қалды", – деп көзіне жас алды Махмұд.
Белградтағы әлем чемпионатының финалында Махмұд Сабырхан жапондық Тамоя Цубойдан жеңіліп қалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу