Махмұд Сабырхан жеңіске жетті

916

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Махмұд Сабырхан жеңіске жетті

Белградта бокстан әлем чемпионатының 1/2 финалының жекпе-жектері жалғасуда. 54 келі салмақ дәрежесі бойнша жартылай финалда қазақстандық Махмұд Сабырхан қарсыласынан басым түсті. Ол үндістандық Акаш Кумарды ұтып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. 

Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші финалы болып саналады. Осыған дейін 48 келіде Теміртас Жүсіпов финалға шыққан болатын. 

Белград шаршы алаңында финалдық жолдаманы сарапқа салу үшін Қазақстан сапынан тағы үш спортшы шығады. Олар: Абылайхан Жүсіпов, Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу