Mail.ru өз қызметтеріне ребрендинг жасады

215

Түрлі қызметтерді біріктіретін Mail.ru ребрендинг жүргізді. 

Mail.ru өз қызметтеріне ребрендинг жасады Фото: Денис Абрамов / Ведомости

Атап айтқанда, сервис атауынан .ru домендік аймағы алынып тасталды, деп жазады inbusiness.kz сайты компания хабарламасына сілтеме жасап.

Дизайн қызметтердің барлық байланыс арналарында жаңартылады. Өзгерістер "Пошта", "Басты бет", "Бұлттар", "Жазбалар", "Күнтізбе", "Сауда" және т. б. енгізіледі.

Логотиптердің түстер палитрасы да жаңартылды.

"Жаңартылған визуалды тілден басқа, маскот – Байт есімді ақ ит пайда болады", - деп атап өтті компания.

Ол пайдаланушыларды өнімнің мүмкіндіктері мен жаңартуларымен таныстырады және технологияны қолдануға көмектеседі, деп хабарлайды ТАСС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу