Май топтық су құбыры толық қуатпен жұмыс істеуге көшті

1110

Павлодар облысы Май ауданындағы 15 ауылдың тұрғындары таза ауызсуды пайдаланып отыр.  

Май топтық су құбыры толық қуатпен жұмыс істеуге көшті

Май топтық су құбыры 2018 жылдан бастап біртіндеп іске қосыла бастады. 2019 жылдың желтоқсанында толықтай пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны – 5 млрд теңге. "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары Әйгерім Ақжанованың айтуынша, құрылысқа 4,4 млрд теңге бөлінген. Қалған қаржы бюджетке кері қайтарылмақ.

"Топтық су құбыры толық қуатпен жұмыс істеп тұр. Оғн 200-ден астам халқы бар 15 ауыл қосылған. Бұл дегеніміз жалпы 10 мың адам. Су тәулік бойы сынақтық режимде тегін берілуде. Су тазарту станциясы германиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған", – деді Әйгерім Ақжанова.

Топтық су құбырының қуаты тәулігіне 4150 текше метрді құрайды. Оның 2500 текше мері тұтынылуда. Су қоры 20 жылға еркін жетеді. Сондықтан, Май топтық су құбырына Ақсу қаласының ауылдық аймағын қосу мүмкіндігі де қарастырылуда.

Еске сала кетейік, қазір Май топтық су құбыры "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның баланса қарайды. Алдағы уақытта оны "Қазсушаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына беру жоспарлануда. 

Фархат Әміренов

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу