Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Д.Коллинз жартылай финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2. Коллинз 1 сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, 4 эйс жасады. Александрова 1 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша, 30 наурыз күні Е.Рыбакина Д.Коллинзбен кортқа шығады. Бұл олардың өзара бесінші кездесуі болмақ. Әзірге есеп – 3:1, Елена алда.
Айта кетейік, Елена Рыбакина ресейлік Мария Шараповадан кейін Майами жарысында екінші жыл қатарынан финалға шыққан ең жас ойыншы атанды.
М.Шарапова 2005 және 2006 жылдары 18 жасында екі рет финалға шыққан еді.
Е.Рыбакина мұндай нәтижеге 24 жасында қол жеткізіп отыр.