"Майдан жолы" іздестіру жасағы Ленинград облысынан оралды

782

40 жауынгердің мәйіті табылды.

"Майдан жолы" іздестіру жасағы Ленинград облысынан оралды

"Майдан жолы" іздестіру жасағы талай боздақ жер жастанған Ленинград қоршауынан оралды, деп хабарлайды 24.kz.

Павлодар электрлиз зауытының жұмысшыларынан құралған топ жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыстың қанды қырғындары болған жерлерге барып, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегін іздейді. Бұл жолы олар Ленинград облысына ат басын бұрды.

Іздеушілер Ленинград қоршауындағы аты аңызға айналған Синявин биіктігіне барды. Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясы майдан жолын осы жерден бастаған. Петропавлда жасақталған 314-дивизия да неміс басқыншыларына қарсы осы жерде соғысқан. Қызылжарлық әскери құрылымның сапында әу баста 11 мың сарбаз болса, соғыстан кейін олардың тек 3 мыңы ғана оралды.

"Біз бұл жерде 40 жауынгердің мәйітін таптық. Олардың бәрі бір шұңқырдың ішіне көмілген. Не дулығалары, не қару-жарақтары болмаған. Демек, мүрделері санитарлық тәртіппен жерленсе керек", – дейді "Майдан жолы" іздестіру  жасағының командирі Александр Шитов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу