9 мамыр – Жеңіс күнінде Жамбыл облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев бастаған жеке құрам ІІ дүниежүзілік соғыстың ардагері Генадий Ивановтың шаңырағына барып, майдангерге құрмет көрсетті.
"Жас ұрпақ сіздердің ел тыныштығы жолындағы жасаған ерліктеріңіз үшін бас иеді! Қан майданда қиян-кескі шайқастарда көрсеткен өр рухтарыңыз өлмейді!", – деді Нияз Қанатұлы 96 жастағы ардагерге сый-сияпат жасап тұрып.
Генадий Иванов қан майданға небәрі 18 жасында аттанған. 1945 жылы Жеңіс күнін батыста қарсы алып, елге оралған. Ардагер І Украина майданының 917 әскери бөлімінің 350 атқыштар полкінің зеңбіректі-артиллериясы сапында шайқасқан. Елге оралған соң, мектепте математикадан сабақ берген.
Ардақ Үсейінова