Астаналық әйел 19 жастағы ұлын төрт жігіт қинап, тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін айтады

194

Астана полициясы қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. 

Астаналық әйел 19 жастағы ұлын төрт жігіт қинап, тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін айтады Фото: коллаж: inbusiness.kz

Ведомство екі тараптың, оның ішінде марқұмның анасының мәлімдемелері мұқият тексерілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

13 қазан күні 19 жастағы жігіттің денесі көпқабатты тұрғын үй терезесінің түбінен табылды. 14 қазан күні марқұмның анасының ұлын әлде біреулердің өлтіріп кеткенін айтқан видеосы тарады.

Ол ұлының өліміне 4 адамның қатысы барын айтады. Сондай-ақ олардың билікте танысы барын айтқан ана күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқады. 

Астана полиция департаменті 19 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын растап, оған қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеген еді. 

“Алдын ала мәлімет бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелі мен мәлімдемелері мұқият тексеріледі”, – деп мәлімдеді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу