"Мәйітін өзенге лақтырып жіберген": Атырауда 23 жастағы бойжеткен өлі табылды

441

Тәртіп сақшылары екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Мәйітін өзенге лақтырып жіберген": Атырауда 23 жастағы бойжеткен өлі табылды Фото: Zakon.kz

Атырауда 23 жастағы қыз 18 қазанға қараған түні із-түссіз жоғалып кеткен. Ол Авангард ықшам ауданындағы үйінен шығып, сол қалпы қайтып оралмаған. Анықталғандай қаскөйлер оны өлтіріп, мәйітін өзенге лақтырып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болжам бойынша, таныстарының бірі оны көлігіне мінгізіп алып кеткен, кейін сыбайласымен бірге қызды өлтіріп, мәйітін өзенге лақтырып жіберген.

Полиция кісі өлтіру фактісін растады. 

"Аталған факті бойынша адам ұрлау және кісі өлтіру баптарына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.

Марқұмның денесі әлі іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу