Майк Помпео Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерін қабылдады

752

Келіссөздер әр тараппен жеке-жеке өткен.

Майк Помпео Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлерін қабылдады

Таулы Қарабақ үшін қақтығысып жатқан елдермен келіссөз жүргізу үшін АҚШ Вашингтонда Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлері Зограб Мнацаканян мен Джейхун Байрамовты қабылдады. Deutsche Welle мәліметінше, келіссөздер әр тараппен бөлек өткен.

Армения Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада Помпео мен Мнацаканян арасындағы кездесуде ЕҚЫҰ Минск тобының қорғауы аясында атысты тоқтату туралы келісімдерді орындау және бейбітшілік процесін жалғастыру қажет екені расталған. Сондай-ақ "АҚШ мемлекеттік хатшысына Әзербайжанның әскери қылмыстары және Таулы Қарабақтың бейбіт тұрғындарына қарсы қасақана шабуылдары туралы хабарлағаны" айтылған. Мнацаканян сонымен қатар Әзербайжан Қарабақта "Түркияның тікелей қатысуымен" операция жүргізіп, аймаққа "қаруланған террористерді" енгізіп жатқанын мәлімдеген.

Ал Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Байрамов Помпеоға "Армения тарапы Әзербайжанның бейбіт тұрғындарын қасақана атуы, шетелдік жалдамалыларды жаппай шақыруы және басқа да мәселелерге қатысты сыңаржақ саясаты" туралы егжей-тегжейлі хабарлағанын мәлімдеді. Сонымен қатар Джейхун Байрамов Әзірбайжанның ұстанымы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрт қарарына негізделгенін баса айтқан. 

Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы жанжал қыркүйек айының соңында күрт шиеленісіп кетті. Содан бері жүздеген адам қаза тауып, жарақат алды. Оның ішінде бейбіт тұрғындар да бар.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу