Майк Помпео этникалық ұйғырларды Қытайға бермеуге шақырды

1408

Помпео Бейжіңнің Шыңжаңдағы әрекетін "өз азаматтарын жоюға" бағытталған деген мәлімдеме жасады.

Майк Помпео этникалық ұйғырларды Қытайға бермеуге шақырды

Қытай билігі Шыңжаңда кемінде миллионнан астам ұйғыр мен мұсылман дінін ұстанатын өзге де ұлт өкілдерін мәжбүрлі түрде "саяси тәрбиелеу лагерлерінде" ұстап отыр. 22 қыркүйек күні АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы осындай мәлімдеме жасап, барлық елді Бейжің саясатына тойтарыс беруге шақырды. Өйткені бұған дейін Қытай билігі этникалық ұйғырларды репатриациялауды талап еткен еді, деп жазады Reuters.

Помпео Бейжіңнің Шыңжаңдағы әрекетін "өз азаматтарын жоюға" бағытталған деген мәлімдеме жасады.

БҰҰ-ның бірқатар сарапшысы мен белсенділерінің дерегіне сүйенсек, Қытай билігі Шыңжаңда кемінде миллионнан астам ұйғыр мен мұсылман дінін ұстанатын өзге де ұлт өкілдерін мәжбүрлі түрде "саяси тәрбиелеу лагерлерінде" ұстап отыр.

Майк Помпео Орталық Азияның бес елі: Түрікменстан,Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында этникалық ұйғырларды Қытайға бермеуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу