АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Украинға барды

967

Ол сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь елдеріне де сапарлайды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Украинға барды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Украина астанасы Киев қаласына келді. Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Егор Божок мәлім етті. 

Помпео 31 қаңтарда Украина президенті Владимир Зеленскиймен Киев қаласында кездеспек.

"Біз онымен өтетін басқосулардың жемісті болады деп сенеміз. Ол президент Зеленскийден бөлек, елдің Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрімен кездеспек", – деп жазды Божко Твиттердегі парақшасында. 

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығын Помпеоның Украина, Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан елдеріне келетінін жариялаған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу